АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жорабаеваның қыздары анасының туған күніне қандай тосынсый жасады (фото, видео)[:]

[:kz]

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаева 41 жасқа толды. Туған күн иесін алғашқылардың бірі болып өз қыздары құттықтаған. Әншінің перзенттері оған түнгі сағат он екіден кейін ерекше әрі естен кетпес тосынсый жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Қыздары мен жақын туыстарының құттықтауын Алтынай Жорабаева өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Видеодан өнер иесіне гүл шоқтары мен түрлі сыйлықтар тарту етілгенін көруге болады. Өз сыйын табыстау үшін әншінің жақындары кезекке тұрған.

Оған қоса, туған күн иесінің ата-анасы ескертпей, үлкен тосынсый болып келген. Мұндайды күтпеген әртіс таңданысын жасыра алмады.

Жорабаева әрбір сыйлыққа балаша қуанып, отбасына алғысын білдірді.

Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызын жаңа жасымен құттықтап, оған деген ақ тілектерін жаудырған.

 
 

[:]