АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жүкті әйелін көше ортасында аяусыз соққыға жыққан ер адам елді шошытты (видео 18+)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде Көкшетауда жүкті әйелді көше ортасында аяусыз соққыға жығып жатқан ер адамның видеосы тарады. Анықталғандай, шабуыл құрбаны – азаматтың өз әйелі болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тарап кеткен видеодан ашуға булыққан ер азаматтың жерде жатқан әйелге шабуыл жасағанын көруге болады. Ол жұдырығымен келіншектің басынан ұрып, аяғымен тепкен.

Сонымен қатар, роликтен жұптың жанында тұрған адамдардың азаматты тоқтатуға тырысып жатқанын байқауға болады.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Көкшетаудығ Полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды білдң. Анықталғандай бейнежазбаның кейіпкерлері ерлі-зайыптылар болып шықты.

Оқиға 21 наурыз күні 20.00 кезінде болған.

Ведомствода атап өткендей жанжал отбасылық мәселеге байланысты туындаған.

Әйел адам өзінің күйеуіне ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, өтініш жазған.

Учаскелік полиция ерлі-зайыптылармен профилактикалық әңгіме жүргізген.

ЕСКЕРТУ! Бейнежазбада зорлық пен қатыгездік көріністері бар. Аталмыш видеоны аяғы ауыр және психикасы әлсіз адамдарға көруге кеңес берілмейді!

[:]