[:kz]
Сұрақтар арасында Айқынның бірінші некесінен туған балаларына қатысты сұрақтар да болды.
«KeshYou» тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғали екінші әйел болған ұнамайтынын айтты, деп жазады SKifnews.kz ақпарат порталы.
Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Instagram-Stories-те жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді. Оқырманның «Екінші әйел болған қиын ба?» деген сұрағына:
«Күшті деп айта алмаймын. Мен емес, басқа адам болсын, бәрібір әңгіме болады. Ол әңгіме ешқашан бітпейді. Сонымен онша емес», — деп қысқа қайырды.
Сонымен қатар ол «өзіңізді ең бақытты адаммын деп есептейсіз бе?», — деген сұраққа да жауап беріп өтті.
«Өзімді ең бақытты адаммын деп санамаймын. Өйткені бір ұнамайтын нәрсе табылады», — деді Жұлдыз.
Сұрақтар арасында Айқынның бірінші некесінен туған балаларына қатысты сұрақтар да болды. Ол жолдасының қызы Асылымды жақсы көретінін ашып айтты.
Сториздегі жауап берген видеоны @qaz.stars парақшасына жүктеген. Ал осы видеоның астына желі қолданушылары әр түрлі сыни пікірлер мен көзқарастарын білдіріп жатыр. Көпшілігі Жұлдызды кінәлауда.
«Аяқ-қолын байлап беріп пе оны Айқынға? Екінші әйел болу ұнамаса тимеу керек еді», «Саған жұрттың байынан басқа бай құрып қалды ма? Әлемде не көп саған лайық еркек көп еді ғой», «Сен бақыттысың, сен анасың. Екі аяғын, екі көзің, адам баласына тиесілі бәрі бар сенде. Халқын сені сыйлайды, құрметтейді», «Соны біле тұра тұрмысқа шықтың ғой енді», — деп шуласты олар.
[:]