АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жұлдызына қарап бәрін де болжап бере аламын», – дейді алматылық астролог[:]

[:kz]

 

astrolgӘне-міне дегенше жаңа, 2017-жыл да таяп қалды. Ал әрбір жаңа жыл қарсаңында астрологтардың түрлі болжамдар жасайтыны белгілі. 

Осы орайда біз алматылық кәсіби астролог Бақытжан Ақанованы (суретте) әңгімеге тартқан едік.

– Бақытжан, астрологияға қашаннан қызыға бастадыңыз? Оған не себеп болды?

– Бұл менің бала кезден қатты қызығатын, сыры мен құпиясын терең меңгерсем деп алдыма мақсат етіп қой­ған арманым болатын. Кіш­кен­тайымда бронх астмасымен ауырдым. Астманы білесіздер, әсіресе түнде тұншықтырғанда ұйқы қашады. Ондайда аспандағы жұл­дыздарға қарап отырушы едім. Олар­дан бойыма тылсым сыр құйылып жатқандай әсер алатынмын. Осы се­зім менің аспан әлеміне деген қызығушылығымды үдете түсті. Он екі жасымнан бастап осы саладағы кітап­тарды оқитын болдым. 9-шы сыныпта біз телескоп арқылы айға қарадық. Осы кезде мен өзімнің астроном болатынымды ұқтым. Обсерватория туралы кітаптарды іздеп жү­ріп оқыдым, Самар­қандағы Ұлықбек обсерваториясын көруді армандадым. Қазір сол арманыма жеттім дей аламын, бүгінде мен көпшілік мойындаған кәсіби астрологпын.

Астрология ­­– түпсіз терең ілім, ол үнемі ізденіс үстінде болуды талап етеді. Сондықтан мен 38 жасымда Қытайдың астрология мекте­бінде оқы­дым. Алматыда батыс астрологиясы бо­йынша білім алдым. Үнді астрологиясы, Рейка ілімі, эзотерика, медитация сынды адамның болмыс-бітіміне аспандағы жұлдыздардың әсер етуі, ықпа­лынан хабар беретін қосымша қажетті салалардың бәрін зерделедім. Психология курстарынан өттім. Жинақ­таған тәжірибем бо­йынша бронх астма­сынан айықтым. Осылай алғашқы сынақты өзіме жасадым.

– Жұлдыз белгілері бойынша қан­дай мәсе­лелерді анықтай аласыз?

– Барлық нәрсені. Адамның жеке қызығушылығын, денсаулығын, қандай ауруларға бейім келетінін, күш-қуатын, өмір ұзақтығын, қай мамандықты таңдаса асығы алшысынан түсе­ті­нін, әлеу­мет­тік жағдайы қандай болатынын, қиындыққа тап болса, оны қай уақытта, қалай шешу керектігін, тіпті қай кездерде қуанышқа кенеліп, қандай жағдайлар­ға қателік немесе өкінішке ұрынатынын да білуге болады. Әулеттік мәселелер, оның себептері, ата-анасы, бауырлары, бала-шағасының мінез-құл­қына дейін тап басып айтып бере аламын. Жұлдыздар отбасылық үйле­сім, кіммен бақытты жұп болатыны, қай кезде некелескен дұрыс екенін де анық көр­се­теді. Баланың жынысы мен оны қалай тәрбиелеу керектігін де анықтауға мүм­кіндік бар. Аспан әлеміне адамның алыс не жақын жаққа жол жүруі, оның қанша уақытқа созылаты­ны мен сәтті-сәтсіз болатыны да белгілі. Арманыңыз бен тілегіңіздің орындалу-орындалмауын да болжауға болады. Кімге қандай спорт түрімен айналыс­қан тиімді, атақ-абырой мен қызметтік мансапты өсіру үшін не істеу керектігі де көкке әйгілі. Адамның қандай табыс тауып, қалай жұмсайтынын да біле аламын.

– Қызық екен. Ал енді осы болжамдар қаншалықты дәл келеді? Жаңылысуыңыз мүмкін бе?

– Бала кезгі тоқтаусыз ізденуімнен бөлек, он екі жыл бойы әлемді шарлап, озық ілімді адамдардан білім алуым мен бұл салаға деген шексіз қызығушылығымды есепке алғанда, қа­телесуім мүмкін емес. Сенбесеңіз, сынап көріңіз! Маған келгендер көбіне осылай күдік­теніп отырады да, жауапты естігенде айтарға сөз таппай қалады.

– Ал бұл қызметіңіздің ақысы қанша?

– Толық, жан-жақты, ұзақ мерзімге арналған бағыт-бағдар түзу ақысы 21 мың теңге. Дегенмен келуші­лердің жағдайына қарай жеңілдіктер жасап тұрамын. Ал мамандық таң­­дау, қиын жағдайдан жол табу, биз­несті неден және қашан бастау керек дегендей жеке сұрақтар болса, оның күр­де­лілігіне қарай бағасы келісімді.

– Мұндай мәселелерді анықтау үшін нені басшылыққа аласыз?

– Маған адамның толық аты-жөні, қай жерде туыл­ғаны туралы нақты мә­лімет, туылған сағаты керек. Қалға­нын астрономиялық есеп пен астрологиялық белгілердің түйісуі, әсер етуші және жебеуші жұлдызының бел­сенділігі бойынша өзім анықтаймын. Мұның бәрін дәл­дікпен анықтап, есептеу үшін геометриялық нақтылық пен азырақ уақыт керек. Қажет болған жағдайда адамның алақан сызықтарына қараймын. Хиромант емеспін, әйткенмен ала­қан сызықтарынан да адамның бүкіл тағдырын анықтауға болады.

– Әулетіңізде сізден басқа мұндай кәсіппен айналысатын адам бар ма?

– Әжем құмалақпен пал ашқан екен. Биыл 88 жас­қа келген анам та­мыр ұстайды. Менің бұл салаға қызығып, бел­гілі бір жетістікке жетуімде осының әсері бар деп ойлаймын.

– Өзіңіздің жеке отбасылық мәсе­ле­леріңізде де жұлдыздарды басшылыққа аласыз ба?

– Әрине. Жұлдыздар ешқашан жаңылыспайды. Бұл ретте жұлдыздар менің бағдаршамым десем жарасады. Бү­гінде мен клиникалық психолог қыз­метін атқарамын. Алматыдағы бір оңалту орталығында ауыр халдегі науқастардың жан-дүниесін, өмір сүруге деген үмітін, қызығушылығы мен ықыласын ояту бойынша жұмыс істеймін. Бұл жұмысым өзіме өте ұнайды, әрі ас­тролог ретіндегі қызме­тімде көмегі көп.

– Қажет еткен жандар­ға алдағы жылға жұлдызнама жасап бере аласыз ба?

– Жасап беруге болады.

– Ал қызметіңізді, көмегіңізді қажет еткендер сізге қалай хабарласа алады?

– Мен жайлы «www.Astro­psy­cho­log.kz» сайтынан оқып-білуге болады. Ал байланыс телефоным – 8-701-218-38-89.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

Сұхбаттасқан – Р. ОРДАБЕК

www.zamana.kz

[:]