АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жұмыла көтерген жүк жеңіл»: Қазақстандық кәсіпкерлер медициналық көмек тегін көрсетілетін станционар ашпақшы[:]

[:kz]

Бірқатар кәсіпкерлер Қазақстандағы эпидемиялогиялық ахуалға байланысты үкіметтің бір жағына шығыспақшы. Олар халыққа көмек көрсету мақсатында медициналық қызмет тегін көрсетілетін станционар ашуды қолға алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлан Нүрпейісов елімізде тегін медициналық қызмет көрсетілетін аурухана ашуды қолға алған. Оның бұл бастамасына бірқатар кәсіпкелер қолдау білдіріп жатты. 

 

«Достар, бізге Алматыда станционар орналастыруға екі-үш айға ғимарат қажет. Аумағы 350-ден 800 шаршы метр. Бірінші қабатта орналасқан, екі жақтан кіретін есігі болса тіптен жақсы. Жеке тұрағы мен дәретханалары боуы қажет. Елдегі ахуал біткеннен кейін қаз қалпында қайтарып береміз», — деп жазыпты Нүрпейісов. 

Күндізгі стационар  ашуға әрекет етіп жатқан кәсіпкер Ерлан Нүрпейісовтың бір жағынан болыссақ деп шешкендердің қатарында Нұраддин Садықов та болды. 

«Күндізгі станционарда (КС) кәсіби дәрігерлер мен медбикелер, санитарлардан құралған білікті мамандар жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсететін болады. Сол арқылы біз – бұл дертке шалдыққан науқастардың жағдайларының нашарлап кетуінің алдын алсақ дейміз», — деп қосты ол.

Оның айтуынша, КС-да көрсетуді жоспарлап отырған қызмет түрлері мыналар:

стационарға өз аяғымен келе алмайтын адамдарды тасымалдау;

мүмкіндігінше тегін дәрі-дәрмекпен қамту;

укол, система салудан бастап, медициналық жабдықтарымыз жеткенше барлық медициналық қызметтерді көрсету, т.б.

Десек те кәсіпкер станционарды ашуға көмек қажет екенін алға тартты. Ол ем орталығына ғимарат, дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізуші қажет дейді. Бұған қоса кәсіпкер еріктілер де ауадай қажет екенін жеткізді. 

«Ат төбеліндей ғана бауырлас қырғыз халқы жасап жатқан іс біздің де қолдан келеді деп үміттенемін, достар! Тым болмаса, бөлісіп қолдап жіберсек. Бәріңізді еріктен тыс белгілеп жібергеніме ғафу етіңіздер!» — деді Садықов.


кәсіпкерлер

Тағы бір белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев қазақстандықтар бұл бастамаға қолдау көрсетіп жатқанын айтады. Сөзінше, жазба жарияланған күннен бастап, ғимарат пен қосымша медициналық құралдармен қамтамасыз етеміз деген азаматтар бірден хабарласыпты. Олар тіпті ақысыз көмектесетіндерін айтқан. 

«Өздерінің өмірін қатерге тігіп көмексеміз дегендер бірден табылды. Біраз достарым мен таныстарым көмектесуге дайын екендерін жеткізді. Бұл өте қуанарлық жайт. Үйлерінде отырып қалған дәрігерлер жәрдемдесетіндерін айтты. Әсіресе «мен аурудан жазылып шықтым, көмектесуге дайынмын», «мен зейнеттегі дәрігермін, көмек беруге әзірмін», «50-60 мың теңгеге біреудің дәрісін төлеп беруге дайынмын » деген хабарламаларды оқып, жүрегім елжіреді. Бұлар нағыз патриоттар», — дейді кәсіпкер. 

Сөзінше, станционар ашар кезде құжат жағынан қиындықтар туындаған. Мұны шешуге министрдің өзі ат салысқан. 

«Алғашында біраз қиыншылықтар болды, бірақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың арқасында бұл мәселелерді шеше алдық. Қазір Ресейден дәрі-дәрмек пен аппаратарды алдыртпақшымыз. Біз барынша жағдайы ауыр науқастарға көмектескіміз келеді. Олардың көбі дәрі мен оттегі құрылғыларына қосылуды қажет етіп отыр. Ауруханалар мен дәрігерлерге түсіп жатқан ауыртпалықты осылайша азайтамыз деген үміттеміз», — дейді Рахымбаев. 

Сонымен қатар ол күндізгі станционардың халі ауыр науқастардың өмірін аман алып қалу, ауруханалардағы барынша көмектесу екенін жеткізді. Ең бастысы аурудың өршуін тоқтату дейді ол. 

«Қазір біз пилоттық жобадағы орталықты іске қоспақшымыз. Мұндай станционарлар біздің елімізде жоқ болғандықтан, мәселе күрделі болып тұрғаны анық. Көмек қолын созғысы келетіндерге мархабат, маған жазсаңыздар болады. Негізі бұндай сатнционарларды Қазақстанның барлық аймақтарында аша алсақ нұр үстіне нұр болар еді. COVID-пен ұзақ күресуімізге тура келеді, сол үшін бәріміз жұмыла күш салып, оған төтеп берейік», — дейді кәсіпкер. 

[:]