[:kz]
Өзі орамал дегенде мен түсінбейтін бір дүние бар. Жуырда бір танысымыздың студент қызын көрдім, инстаграммнан ғой сол. Басында екі қабат орамал, бетінде бес тонна бояу, бұтында тылтиған шалбар.
Жаңа да екі келіншек кетіп бара жатыр. Екеуінің де басынджа хиджаб, бұтында шалбар, бақайы жалтылдап бара жатыр. Сонда не болды ол?
* Есік алдында кішкентай қыздар ойнап жүр. Бір қыз баланың алқымынан байлап орамал тағып қойған. Байқұс бала ойнаған сайын орамалы кері ұшып, бетіне қапталып қалады, өзі орыстілді. Турникте аяғынан ілініп тұр, басын жауып қалған орамалын сықпыртып боқтап жатыр. Қасындағы қыздар «Да, сними ты, потом наденешь» деп қояды. «Да, с удовольствием бы, папа накажет» дейді. Айналайын, ата-аналар-ау, қызымызға хиджаб кигіземіз, мектепке киіп барсын, деп шуламас бұрын балама сол керек пе, оны қызым кигісі келіп тұр ма, оның жүрегіндегі иманы орамалға ғана байланып тұр ма? деп ойланып көрсеңіздерші.
Мектеп формасы да тізеден төмен белдемше мен ақ жейде, сыртынан бәрін жауып тұратын классикалық костюм емес пе? Шашы жиналып, мектеп этикетіне сай киініп жүрген баланың иманы әлсіреп қалады деп ойлайсыздар ма?
[:]