АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жүректе 4 бірдей стенд»: Инфаркт алған Әбдіхалықов ажалдан аман қалғанын айтты[:]

[:kz]

Отандық танымал продюссер, актер Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет сырқаты туралы ашық айтып, басынан өткен ауыр кезең жайында сырын ақтарды. Өнер иесі осыдан төрт жыл бұрын инфаркт алып, дәрігерлердің арқасында ажалдан аман қалған. Бүгінде оның жүрегіне төрт стенд орнатылған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алғаннан бері жылына кемінде үш-төрт рет ауруханаға жатып, ем алатын болған. Белгілі актер бүгінде аяғы жер басып, тірі жүргені ақ халаттылардың арқасы деп біледі. Ол өзінің жанын аман алып қалған білікті дәрігерлерге алғысын білдіріп, олармен түскен суреттерін жариялады.

«Ел айтып жүрген «Жүрексіз» адамның жүрегі ауыра ма? 2016 жылы осы бір жұдырықтай қызыл еттен инфаркт алып, Алматы қаласы Кардиологиялық ауруханасының ақ халаттылары арқасында қалған жарығымды сүріп келем. Содан бері жыл жүзінде үш-төрт рет ауруханада ем алудамын. Жүрекке төрт бірдей стенд орнықты. Алдымен бір Алланың, кейінгісі осы аурухана дәрігерлерінің арқасында шауып жүрген жайымыз бар. 

Осы орайда кардио орталықтың бас директоры Алмат мырзаға, дәрігерім Назира ханымға және маған коронарография жасап келе жатқан Оразбек ініме алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қоса алда келе жатқан медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын! Асылында, ел қаһармандары — өздеріңіз! Еңбектеріңіз жансын! Аман болайық! Ауырмайық! Менің де, сіздің де деніңізді саулығы осы абзал кісілердің қолында» , — деп жазды ол Facebook парақшасында. 

https://kaz.nur.kz/1860724-zrekke-4-birdej-stend-ornykty-infarkt-algan-bdihalykov-azaldan-aman-kalganyn-ajtty.html

[:]