АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жүргізушілерден алынған айыппұл қайда жұмсалатынын білесіз бе?[:]

[:kz]

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жол ережесін бұзған жүргізушілерге заңды айыппұл салуды қажет деп есептейтіндігін және айыппұлдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әкім Instagram желісіндегі жазбасында жүргізушілер арасында, жалпы қоғамда көп талқыға түсетін айыппұл төңірегінде сөз қозғады.

«Мынадай қарапайым қағида бар: заңды бұзба, сонда айыппұл төле деп ешкім талап қоймайды. Менің ойымша, бір адамның өмірін жалмағаны үшін де әлем елдерінде қолданылатын қатаң жаза өте орынды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – біздің алдымыздағы маңызды міндеттердің бірегейі. Жолдағы өлім көрсеткішін нөлге түсіру үшін біз қаладағы жолдарды батыс елдеріндегідей жасап, инфраструктураны дамытудамыз «, — деді әкім.

Әкімнің айтуынша, айыппұлдар есебінен соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік сыйақының көлемі 250 мыңнан 500 мыңға дейін өскен, қоғамдық көмектің мөлшері артқан және өте сирек кездесетін дертке шалдыққан мыңдаған науқастарды дәрімен қамтамасыз еткен.

Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеге сәйкес, қалада әрбір екі шаршы шақырым сайын ауа тазалығынан ақпарат беріп тұратын 350 құрылғыны орнату жоспары жүзеге асырылуда.

Аударған: Әділет Мәдениет

«Қамшы» сілтейді

[:]