АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жүз мәрте отырғызып тұрғызып, қолдарын уқалатты»: Түркістан облысында балалар лагерінде ересектер кішкентайларды ұрып-соққан[:]

[:kz]

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы балалар лагерінің бірінде балаларымызды ересектер ұрып-соқты деген ата-аналар шағымданды. Айтуларынша, жоғары сыныптың баласы өзінен төмен оқитын оқушыларды тәртіп бұзғаны үшін соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап. 

Тіпті балаларды жүз мәрте отырып-тұрғызып, қолдарын уқалатты және бұл тұрақты жасалып келген деп отыр. Ата-ананың бірі баласының денсаулығына елеулі зиян келгенін айтады. 

«Балам сол жерде жүріп төрт келі салмақ тастаған.  Жарығы ісіп кетіпті. Содан баламды алып кеттік», – дейді ата-ана. 

Қарабұлақтан жеті шақырым жердегі балалар лагеріне келген ата-аналар тәрбиешілерге де ашулы. Оқушылардың жазғы демалысына арналған лагерь басшылығы әлімжеттіктің мүлде болмағанын айтуда. Тек ересек оқушылар оларды тәртіпке шақыру мақсатында он мәрте отырып-тұрғызғанын айтады. Басқа көрсетулер негізсіз дейді. 

Ал балаларды соққыға жықты делінген ересек оқушы оларды ұрып-соғу болмағанын айтып, ақталған. 

Ата-аналар түгел арызданғанымен, сараптама өтуге бір ғана бала барады. Өйткені жарақат белгісі сол балада ғана екен. Лагерь басшылығы сараптамадан да, шағымнан да қорықпайтындарын айтты. Өйткені ұрып-соғу болмады деп отыр. 
 

[:]