[:kz]
Алматыда жол апатынан зардап шеккен ҚазҰМУ-дың 20 жастағы студенті көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Жас жігттің көз жұмғанын ауруханадағылар растады. Түнде оның жүрегі тоқтап қалған екен.
Алматы қалалық №4 аурухананың дәрігерлері оның жағдайы өте ауыр болғанын атап өтті. Жігіттің бүкіл сүйегі сынған екен. Қаншама донор келіп, оның өмірі үшін қаншама күрестік, дейді дәрігерлер.
Еске сала кетсек, ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультетінің 2-курс студенті тағам жеткізуші болып жұмыс істеп жүріп, жол апатына ұшыраған еді. Оның мопедін жеңіл көлік соғып, салдарынан ауыр жарақат алған. Оның өмірін құтқару үшін жүздеген алматылық қан тапсырған еді.
[:]