[:kz]
Мәдина Сәдуақасованың Таиландтағы демалысы аяқталды. Екі аптаға жуық ыстық мекенде болып қайтқан әнші осы уақыт ішінде біраз сын садағына ілікті. Біресе купальникпен түскен, біресе қысқа шорты киген суретін жариялаған Мәдина ақырында күйеуінен сөз естіген, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Сәдуақасованың өзі айтып берді.
«Жаз мезгілінен қарлы қысқа 6 сағатта… Теңізге түстік, күнге әбден күйдік, түрлі жеміс-жидек, көкөністер, әртүрлі, адам таңғалатын жерлерге бардық, сүйікті оқырмандарымнан, Олжастан сындар да естіп алдым, суреттерді салдым, сосын өшірдім, тағы салдым.
Күлдім, ренжідім, жыладым, осы 2 апта бір ерекше болды. Ең бастысы, сіңлілерім мәз, бақытты, ұл әлі сене алмай жүр, қалай ол деп… Елімді, ата анамды, отағасын, жақындарымды, сіздерді, жұмысымды сағындым. Енді жаңа күшпен сүйікті жұмысыма кірісейін», — деп ағынан жарылды Мәдина.
Оқырмандар болса, әншінің күйеуімен түскен суреттерін сиретуіне алаңдаушылық білдірген. Олардың бір тобы сүйікті әншілерін жартылай жалаңаш күйде көргілері келмейтінін ескерткен.
[:]