АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жылай береді»: Сиви Махмуди Жанармен жұмыс істей алмайтынын айтты[:]

[:kz]

Жанардың өзі де Қазақстанда қалғысы келмейтін көрінеді. Әншінің айтуынша, ол сіңлісі тұрып жатқан Лос-Анжелеске кетуді жоспарлап жүрген сыңайлы.

Әнші Сиви Махмуди Жанар Хамитовамен көп ұзамай қош айтысатын секілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның айтуынша, Жанардың кей мінезіне шыдау мүмкін емес екен.

Бұған дейін өнерге қайта оралған Жанар Хамитоваға әнші қолдау білдіріп, бірлесе жұмыс істей бастаған болатын. Алайда көп уақыт өтпестен, Сиви бұл ойынан айныған секілді.

«Халықты алдамай, бәрін айту керек. Ертең мені Жанарды орта жолда тастап кетті деп сөкпесін. Жанар екеуміз бірге тұра алмайтын секілдіміз. Ол ұйықтар алдында ғана маған ризашылығын айтып отырады да, таңертең ол ойынан айнып шыға келеді. Ән айтқысы келмейтінін айтады. «Шығармашылықпен айналысқым келмейді» деп жылайды. Әртүрлі көңіл-күйде жүреді. Тура тұқым аузына тірелгенде, яғни, концерт басталайын деп тұрғанда, шықпай қоя салуы да мүмкін. Бұған Ақтөбе облысында бір ай концерт берген кезде әбден көзім жетті. Желі қолданушыларының пікірін оқып жылайды. Оны сабырға шақыруға тура келеді. Мен көп нәрседен бас тартпай, соңына дейін баратын адаммын. Бірақ бұл жолы келісімшартқа отырмай тұрып, одан бас тартам деген шешімге келдім», — дейді Сиви.

Әншінің айтуынша, Жанардың отбасылық жағдайы мен ата-анасының арасындағы реніш оның көңіл-күйіне тікелей әсер ететін секілді.

«Жанар екеуміз ұрыспаймыз, ара қатынасымыз жақсы. Тек ол шығармашылыққа, нақты бір жұмысқа кірісуге дайын емес секілді. Қазақстанда тұрғысы келмейді. Ол басқа продюсер тапқанша не тұрмысқа шығып, отбасына қайта қосылғанша күзге дейін жұмыс істейміз. Әрі қарайғы тағдырын өзі шешеді», – дейді Сиви.  

Жанардың өзі де Қазақстанда қалғысы келмейтін көрінеді. Әншінің айтуынша, ол сіңлісі тұрып жатқан Лос-Анжелеске кетуді жоспарлап жүрген сыңайлы.

Stan.kz.

 

 
 

[:]