[:kz]
Барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Құрбан айт жақындап қалды. Карантинде құрбандық қалай шалу керек? Биылғы құрбан айт несімен ерекше? Құрбандық шаларда нені ескерген жөн? Құрбандық қабыл болмайтын қаласатын жайттар қандай? Stan.kz тілшісі Алматы қаласы орталық мешітінің наиб-имамы Ержан Базарбекұлынан егжей-тегжейін сұрап білді.
Құрбан айтта не істеу керек? Құрбандыққа шалынатын малға қандай да бір талаптар бар? Құрбандықты қанша күн сойса болады? Құрбандық шалу кімге уәжіб? Кімге шалуға болмайды? Пандемия кезінде қуаңшылыққа ұшыраған өңірлерге көмек ретінде жем-шөпке ақша керек деп жатыр. Құрбандық шалмай сонда ақшалай жіберсе болады ма? – деген сауалымызға Ержан Базарбекұлы толық жауап берді.
“19 шілде күні арафа болса, 20, 21, 22 шілде күні құрбан айттың құрбандық шалатын күні. Құрбан айт Ибраһим пайғамбардан бастау алған. Мұсылман жұртшылығына уәжіб болып саналатын амалдардың бірі. Оған қойылатын шарттарға келетін болсақ.
Құрбандыққа шалуға жарайтын мал түрлері: қой, ешкі, сиыр, түйе. Жылқы құрбандыққа шалынбайды және тауық та жарамайды. Кейбір жергілікті жерлерде қан шықса болды деген түсінік бар. Ол дұрыс емес. Құрбандыққа осы төрт малдың бірі сойылады. Жалпы шарты сойылатын құрбандық ауру болмауы керек, құлағының үштен бір бөлігінен артығы кесілмеген болуы керек. Піштірілген ерекек төлдер құрбандыққа жарайды.
Қойға, ешкіге қойылатын шарттар: 1 жылға толған мал болуы керек. Бұрын алты айға толған тоқтылар жарамды деп айтылатын, биыл ҚМБД-ның Пәтуа бөлімінң шығарған пәтуасы бойынша, 1 жылға толған мал болуы керек деп бектілді. Өйткені 6 айлық тоқты 1 жастағы төлдей салмақ берсе жарайды дегенді көпшілік 6 ай болса болды екен деп ойлады. Сол себепті бір жылға толған қойлар ғана құрбандыққа лайықты деп шешті. Алты айлық немесе алты айға толмай қалған тоқтыларды немесе ешкілерді сойған адамның құрбандығы қабыл болмай қалуы мүмкін болғандықтан осындай шешім қабылданып отыр.
Ал енді сиыр мен түйеге қатысты шарттар: сиыр 2 жылға толық толған болуы керек. Екі жылдан аса жарамды. Түйе бес жастан асқан болуы керек. Одан жоғары жастағы түйелер де жарай береді.
Құрбандық Айт намазы оқылғаннан кейін сағат 7-ден өткен соң сойылады. Бұл дегеніміз Алматы қаласында Айт намазы 7-де оқылады деген сөз емес. Карантиндік шараларға байланысты Алматы қаласында айт намазы оқылмайтын болды. Сондықтан да құрбандық шалатын уақыт таңғы жетіден басталып, құрбан айтының үшінші күнінің күні батқанға дейін жалғасады.
Құрбан айтының Рамазан айтынан ерекшелігі құрбан айтта ештеңе жемей, дәм татпай барады. Шалған құрбандықтың етінен немесе сорпасынан аузын ашқан абзал. Алайда одан бұрын шай ішіп, пісірілген бауырсақтан дәм татса болады.
Рамазан айты мен Құрбан айт мұсылманның жылына екі рет келетін үлкен мерекесі. Осы мерекеде дүние тірлігіне қатысты шаруларын қоя тұрып, бұл күндері ағайын-туыстарын қуантуға, ренжіссе татуласуға арнаған жөн. Осы күні көптеп сауап жасауға тырысу керек.
Құрбандық шалуға 1 320 000 теңгеден астам қаражаты айналымда бар адам міндетті. Ондай мал-мүлікке байлығы жетпеген адамға міндетті емес. Бірақ құрбандық шаламын десе – сауап.
Құрбандық шалуы абзал болмаған адамдар бар. Ол адамдар қарызы барлар және жұрттан қалмайын, көршілерден ұят болмасын деп кредит алып, не қарыз алып құрбандық шалатындар. Мұндай ниетте құрбандық шалса, қабыл болмайды.
Құрбандықты ақшалай өтеуге болады ма деген сұрақтар туындап жатыр. Бұл құрбандықты ақшалай өтеуге болмайды. Алайда мен басқа бір кісіні жалдап, менің атымнан құрбандық шал деп оған ақшамды берсем болады. Бірақ ол кісі менің атымнан қой сатып алып, құрбандық шалуға міндетті болады. Қазір карантиндік уақыт болғандықтан, qurban2021 сайты ашылып, халық қолдануылуына ұсынылды. Бір өкініштісі сайттқа құрбан шаламын деп емес, құрбан етін аламын деуші халықтың қарасы көп.
Құрбандыққа шалынған малдың жасы ниеттің қабыл болмауына әкеледі. Одан кейін сиырды жеті адам бірігіп шалатын құрбандық. Жеті адамның бірі немесе барлығы дерлік құрбандық ниетте емес, үйге ет болсын, соғым ниетімен соятын болса, құрбандық болып саналмайды.
Cұхбаттың толық нұсқасын біздің Youtube каналымыздан көре аласыздар:
[:]