АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]1 мамырда Қазақстанның 5 қаласында шеру өтті: ІІМ мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

1 мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бас прокуратураның ресми хабарламасына қарамастан, санкцияланбаған митингілер мен азаматтардың жиналуы орын алды. Шеру барысында тәртіп бұзған 80 адам ұсталды. Қазақстанның ішкі істер министрлігі шеруге қатысты мәлімдеме жасап, азаматтардың неліктен ұсталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, шеруге қатысушыларға өз ұстанымы мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілді.

«Алайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адамдар өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған «ДВК» экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды», — делінеді хабарламада. 

Осы жағдайға байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірген. Алайда жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды.

«Нәтижесінде елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 азамат жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілетін болады», — дейді министрліктегілер. 

Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1 мамырда Қазақстанның бірқатар қаласында шеру өткенін хабарлаған едік.

 Stan.kz 

[:]