АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]1 млн қазақстандыққа азық-түлік үшін қаражат беріледі[:]

[:kz]

Төтенше жағдай кезінде бір миллион қазақстандыққа азық-түлік үшін ақша төленетіні туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет басшысы мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуді еңбек министрлігіне тапсырды. 

«Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл — 1 миллионнан астам адамды құрайды», — деді үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, үкімет басшысы шілдеде 42500 теңге кімдерге берілетінін айтып берді.

[:]