АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»12,5 миллион жиналды». Үй төбесіне тауық қора салған ақтаулыққа блогер баспана сыйлады[:]

[:kz]

Блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) оқырмандарымен Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға баспана алып берді. Сүйінші хабарды блогер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

«Сүйінші, қазақ елі! Бастаған ісімді соңына дейін бітірейін деп, арнайы Ақтауға тағы келдім. Рүстем мырза естеріңізде ғой? Сәрсенбінің сәттісінде Дәулетті оқырмандар алған 41-інші баспананың кілтін өз қолыммен табыстадым. Мұнайлы ауданы, Батыр ауылынан 20 сотық жерімен үй алып бердік. Барлық қайырымды жанға мың алғыс. Әрқайсыңыз мен үшін бір төбесіздер. Сүрінгенде бір қазақ, сүйеу болған, демеу болған мың қазақ», — дейді блогер. 

Блогердің сөзінше, жалпы 12,5 миллион теңге жиналған. 

[:]