АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]13 градусқа дейін аяз: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады[:]

[:kz]

 

Алдағы күндері елімізде ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады. 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, Қазақстанның аумағына келген антициклонның әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы 8-13° аязға дейін төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.

«Алдағы үш күнде антициклонның әсері біртіндеп әлсірейді, ауа температурасы жоғарылайды және атмосфералық фронттардың өтуімен, республиканың тек қиыр солтүстігі мен батысында жауын-шашын күтіледі», — дейді синоптиктер. 

 Stan.kz

[:]