АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Колледж студенттері бастарына қорап киіп емтихан тапсыруға мәжбүр болған[:]

[:kz]

Жергілікті білім мекемесінің өкілдері желіде тараған суреттен кейін колледжге барып, басшылыққа қатаң ескерту жасады.

Колледж студенттері бастарына қорап киіп емтихан тапсыруға мәжбүр болған

 
Үндістанда колледж студентері бастарына қорап киіп емтихан тапсырған, деп хабарлады КТК арнасы.

Бұл видео желіде тарап, қызу талқыға түсті. Сурет Карнатака штатында Хавери қаласындағы Бхагат даярлық колледжінде түсірілген. Химия пәнінен емтихан тапсырған студенттер басына картон қорап киіп алған. Студенттер емтихан жұмысын бір-бірінен көшірмес үшін, колледж басшылығы осындай қадамға барған. Бұл оқиға бойынша оқу әкімшілігі үкіметтен кешірім сұрады. 

«Біз ешқандай оқушыны қинамадық. Кейбір балалардың бастарында қорап та болмағанын көруге болады. Бірақ көбісі қорапты 15 минуттан кейін шешіп тастады. Ал қалғандарына бір сағаттан кейін шешуіне рұқсат бердік», — дейді әкімшілік.  

Жергілікті білім мекемесінің өкілдері желіде тараған суреттен кейін колледжге барып, басшылыққа қатаң ескерту жасады.

 

[:]