АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]13 жастағы қызының сұлу болуын қалаған анасы оны күніне 3000 рет «скакалкамен» секіруге мәжбүрлеген [:]

[:kz]

 

Қытайда қызын көрікті ету үшін оны күніне 3000 рет «скакалкамен» секіруге мәжбүрлеген ана баласының денсаулығына нұқсан келтірді деп хабарлайды odditycentral.com. Қытайдың Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы) тұратын әйел 13 жасар қызының сұлу әрі сұңғақ бойлы болып өскенін қатты қалағаны соншалық, оған қатаң талап қоямын деп шектен шығып кетеді.

Ол қызын күн сайын таңертең 1000 рет, түскі ас кезінде 1000 рет және түнде 1000 рет «скакалкамен» секіруге мәжбүрлейді. Бір күні қызы аяғы ауырып жүргеніне шағымдана бастайды, бірақ анасы қызы жалқауланып отыр деп топшылап, шағымдарына еш құлақ аспайды. Ол спортпен айналысу денсаулыққа пайдалы екенін алға тартып, қызына күнделікті секіруін тоқтатуға рұқсат бермей қояды. Әйел қызының жағдайы әбден нашарлаған кезде ғана оны дәрігерге қаратуды ұйғарған. 

Тексеріс нәтижесі қыздың аяғына зақым келгенін және оның ендігі аяғына көп салмақ түсіруге болмайтынын көрсеткен. Дәрігерлер кей ата-аналардың баласын салауатты өмір салтына баулу кезінде тым шектен шығып жататынына алаңдаушылық білдіруде. Ақ халаттылар әр нәрсенің өз шегі болу керектігін ескертеді, өйтпеген жағдайда баланың денсаулығына орасан зиян келуі мүмкін. Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында екі бірдей сәбиін сатпақ болған әйел ұсталғаны туралы жазған едік.

kaz.nur.kz

 

[:]