АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]15 жасар қыздың тойына белсенділер кедергі болған[:]

[:kz]

Қырғызстанның Аламудун ауданында белсенділер 15 жасар қыз мен 23 жасар жігіттің үйлену тойына кедергі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media басылымына сілтеп. 

Гендерлік және отбасылық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі комитеттің мүшесі Гүлбубу Дондоева жергілікті тұрғындарды үйлердің бірінде өткен тойға дайындалып жатқанын байқаған.

Белсенділер жас қалыңдықтың ата-анасын ойланбай әрекет жасамауға және үйлендірмеу үшін тырысқан. Бірақ қыздың ата анасы  оларды үйден қуып, кедергі жасамауды сұрады. Сол кезде комитет мүшелері полицияға жүгінген.

Жедел топ үйлену тойының ең қызған кезінде келіп жеткен. Аудандық ішкі істер бөліміне күйеу жігіт, оның ата-анасы, қалыңдықтың ата-анасы мен имам жеткізілді.

Дондоеваның айтуынша, милиционерлерге туыстары ешқандай үйлену тойының болмағанын, күйеу жігіт емес, алыс туыс екенін айта бастады. Имамның неке қию рәсімін жасаған, жасамағаны белгісіз.  

Үйлену тойының барлық қатысушыларына кәмелетке толмаған қызды тұрмысқа беру — қылмыстық әрекет екені түсіндіріліп, күйеу жігіттің өзі де, неке қиған имам да жауапқа тартылады.

Нәтижесінде күйеу ата-анасымен ауылына қайтқан. Тойға қатысушылардан ешкім жазаға тартылмады, себебі олардың ешқайсысы арыз жазған жоқ.

 Stan.kz 

[:]