АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]15 жасында босанған қызын үйден қуған әке 2 млн теңге «қалыңмал» алған (видео)[:]

[:kz]

Шымкентте 15 жастағы қызды үйінен қуып жіберді. Әкесі мұндай қадамға қызы екіқабат болған соң барған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оtyrar.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 15 жасар қыз сәбиін №2 қалалық перзентханада дүниеге әкелген. Бірақ аталмыш мекеме бұл туралы полиция мен қамқоршылық органдарына хабарламаған және туу туралы куәлік те бермеген.

Кәмелетке толмай туған қыздың әкесі мына жағдайдан кейін өз перзентін қуып жібереді. Емізулі баласы бар жас ананы шешесі де керек қылмапты.

Міне, осыдан кейін жасөспірім қыз дағдарыс орталығын паналаған. Гүлмираның айтуынша, үйінен таппаған қамқорлықты осы орталықтан тауыпты. Ол интернатта танысқан жігітінен жүкті болғанын айтады.

Мен өз пәтерім болғанын қалаймын, онда ұлым мен сіңілдерімді тыныштықта өсіргім келеді,

— дейді жас ана.

Бұл мәселені екі жақтың ата-аналары да жақсы біледі. Қызын үйден қуып жіберген әке, жігіт жақтан 2 миллион теңге қалыңмал алыпты. Ал баланың әкесі сәбиден бас тартқан.

Қазір дағдарыс орталығының мамандары жас қызды колледжге түсіруді ойластырып жатыр. 15 жастағы ана визажист болуды армандайды.

[:]