[:kz]
Осыдан бірнеше күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында полиция аға лейтенанты 25 жастағы Нариман Назаров өзіне қол салып қайтыс болған еді. Ол өлер алдында басшыларына SMS-хабарлама жазып, оларды өз өліміне кінәлапты. Марқұмның туыстары Нариманның қысым көргенін, тіпті соңғы бірнеше ай бойы жалақы да алмағанын айтқан болатын.
Дегенмен, ОҚО Ішкі істер департаменті Нариманның өзі жиі тәртіп бұзып, алкогольді ішімдікішетін еді деп мәлімдеп отыр. Тәртібінің нашар болуына байланысты арнайы есепке де алынған екен. Ал, оның «қысым көрсетті» деген басшыларының үстінен қылмыстық іс емес, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, суицид 17 мамыр күні болған. Қайтыс болған Нариман Назаров Ордабасы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің өкілі болыпты.
«Қайтыс болған полицей ішкі істер органдарының оқуына 2011 жылы түсіп, 2015 жылдан бастап өз тұрғылықты мекен-жайы бойынша, яғни ОҚО Ордабасы ауданына жұмысқа жіберілді. АІІБ ЖПҚ Ювеналды полиция инспекторы қызметін 2018 жылдың 27 қаңтарынан бері атқарып келген. Қызметте ол теріс қырынан танылды, полиция бөлімінің есебінде тәртіп бұзуға бейім қызметкер ретінде тұрды. Әріптестерімен бірге пәтер жалдайтын. 14 мамыр күні ол жиналысқа мас күйде келген. Басшылық оны облыстық наркологиялық диспансерден сараптамадан өткізді. 16 мамыр күні сараптаманың қорытындысы шығып, оның қан құрамында алкогольдің бар екені анықталды», — делінген ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мұнан кейін Нариманның басшылары болған жайт туралы оның әкесіне айтқан екен. Анасы осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен.
Айта кетейік, марқұм полицейдің туыстары бұған дейін журналистерге сұхбат беріп, Нариманға «көрсетілген қысым» туралы айтқан болатын. Әкесінің сөзінше, соңғы 4 айда ол жалақы алмаған. Тек қайтыс болғаннан кейін бір күн ішінде 4 айдың жалақысын аудара салыпты.
sn.kz
[:]