АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«17 айда – 355 литр»: жас босанған ана өзінің омырауынан артылған сүтпен 30 баланы тойдырған[:]

[:kz]

Ысырап қылмауы үшін ол сүтін бөтелкеге құйып, тоңызытқышқа сақтай бастаған.

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Вирджиния-Бич қаласының тұрғыны 30 нәрестені өзінің сүтімен емізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, letidor.ru-дің ағылшын тілінен аударған ақпаратына сүйене отырып.

Өзінің ұлы туған соң америкалық Кристина Реш сүтінің босқа қалып жатқандығын анықтапты. Сосын оны ысыраптамауы үшін бөтелкеге құйып, тоңызытқышқа сақтай бастаған.

Сөйтіп жүріп, Кристина құрбысының емшектегі қызына сүт жетіпейтіндігін естіп, оған өзінің сақтап жүрген сүтінен беруді ұйғарған. Онымен шектелмеуді ойлаған ол, содан кейін тоңазытқыштағы сүтін Facebook желісі арқылы тегін таратуды ниет еткен. Осылайша, 17 айдың ішінде 355 литр сүт таратып, 29 нәрестені тойдырып шығыпты.

Кристина Реш сақталған сүтін көбіне жетім сәбилер мен жасанды ана сүті жақпайтын нәрестелерге ұсынған екен. Бұған қоса, одан баласын белігілі бір себептерге байланысты емізе алмай жүрген аналар да көмек сұраған.

«Бір әйел өзінің егіз нәрестелері үшін сонау Ричмондтан келді», — дейді Реш. Ал Ричмонд қаласы Вирджиния-Бичтен 100 шақырым жерде орналасқан.

 

[:]