АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«2-5 мың беріп, вирустар қыдырып жүр»: карантин бекеттерінен жұрттың пара беріп өтіп жүргені рас па?[:]

[:kz]

Ләззат Серікбаева есімді желі қолданушы: «Иә, 2000 теңге беріп, барып-келіп жүрміз дейді ғой», — дегенді сенімді түрде айтса, Әлімжан Балқыбекұлы деген азамат та: «Рас. Алматыдан алты мың теңге беріп, Шымға шығып кеткен», — деп бір жайтқа куәлік етіп отыр.

Бүгінде ел арасында карантин аймақтарындағы бақылау бекеттерінде жұрттың сақшыларға пара беріп, әрлі-берлі өтіп кетіп жүргендері туралы алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Тіпті, кейбіреулер өздерінің шынымен солай өткендерін бір-біріне мақтанып айтып та жүр екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Айдос Жұқанұлы facebook парақшасына «Бекетте ақша беріп өтіп кеттік!» деген хабар көп. ҰҚК кіріспесе, болмайды» деген шағын жазба жариялады. Оған өзге де әріптестеріміз үн қосып, жағдайды ушықтырмау керектігін айтуда.

Ерік Рахым: «Енді аяса болмайды», — десе, оны Динара Мыңжасарқызы: «Аямау керек. Қамау қалды енді», — деп толықтырып қойды. Ал Динара Сіргелі болса, «штраф төлету керек, бюджетке де пайдасы тиеді» деген пікірде.

Айгүл Болатханқызы, тіпті, «Соны мақтанып айтқан да, өткізген де өзіміздің оңбаған қазақтар. Атып тастар едім!» — деп ашуға булығып отыр.

Осы орайда, Ләззат Серікбаева есімді желі қолданушы: «Иә, 2000 теңге беріп, барып-келіп жүрміз дейді ғой», — дегенді сенімді түрде айтса, Әлімжан Балқыбекұлы деген азамат та: «Рас. Алматыдан алты мың теңге беріп, Шымға шығып кеткен», — деп бір жайтқа куәлік етіп отыр.

Ал Қыр Баласы деген лақап атты жамылған азамат: «Билік жалған деп отыр. Бұлар бір-бірін қорғап, қыратын шығар», — деп күрсінді.

Осы постқа ұзақ пікір жазған адам Сайлау Тұмарханұлы деген кісі болды. Бұл ретте, ол: «Ақтөбенің пойызын Астанаға кіргізбейді деген соң, Көкшетаудан күтіп алып, бер жақтағы постыға апарып келді бір адамды, 24 наурыз күні. Адамдар ары-бері шұбырып жатыр деп келді. Постыдан жаяу ары, не бері өтеді, сосын таксиге отырып кетеді. Бір таксистпен сөйлесіпті. Астанадан келетін адамдарды күтіп алуға келіпті. Постыдан ақша төледі ме, жоқ па, білмеймін деді (бұл нақты көзбен көрген адамның айтқаны). Бірақ, бізде ақша төлемесе заң қатаң екенін, ақша төлесе кез келген заң күшін жоятынын барлығымыздың ішіміз сезеді. Ал таксистер бір адамға он мың теңгеден Астанаға апарып тастайды деп естідім (ескерту: бұл енді ұзынқұлақтың сөзі)», — деп еркін көсілді.

Нұрбек Оралсын деген жігіт те «2-5 мың беріп, вирустар қыдырып жүр. Қыдыртуға жағдай жасалып тұр. Бізде көбі сатылады», — деп жоғарғы жақты бір қыжыртып, пікірлер легіне өзінің «бес тиынын қыстыра кетті».

Жазба авторы Айдос Жұқанұлының өзі де бұл ақпараттың рас-өтірігіне сеніңкіремей отырған біреуге дәлел ретінде: «Танысым елу мың беріп, Павлодарға барып келгенін мақтана айтты», — дегенді қосып қойды.

[:]