АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2020 жылғы сайлау: кім не деді?[:]

[:kz]

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 17 қазандағы Финляндияға сапары барысында журналистермен кездесіп, сұрақтарға жауап берді. Брифинг барысында журналист Елбасына 2020 жылы өтетін сайлауға қатысатыны-қатыспайтыны жайлы сұрақ қойған еді. Назарбаев бүй деді:

«Соңғы жылдары бұл маған жиі қойылатын сұрақ. Егер мен 2020 жылы кететін болсам, біздің балаларымыздың жарқын болашағын кім қамтамасыз етеді? Ал шын мәнісінде, менің осы лауазымда ұзақ отырғанымды ойлап тұрғандарыңыз анық. Негізінен, әр бес жыл сайын өтетін сайлауда халық мені таңдап келді. 2020 жылдың желтоқсанында мандатымның мерзімі аяқталады. Әрі мен бүгінгі Қазақстанды құрушы, тәуелсіз мемлекеттің алғашқы президенті ретінде маған өз үміткерлігімді ұсына алатын конституциялық құқық берілген.Бұл бірнеше факторға байланысты. Әдетте мұндай шешімді сайлауға жақын қабылдайды. Сондықтан келесі жылы шешім қабылдауым мүмкін. Немесе 2020 жылы», — деп жауап қатты Мемлекет басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Би-би-сидегі Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында Назарбаев 2020 жылы өтуі тиіс кезекті президент сайлауына түспейді деп есептейтінін айтты:

— Ашығын айтайын, мен президент Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін. Өйткені ол ақылды адам, өте парасатты. 2020 жылы бізде президент сайлауы Назарбаевтан басқа кандидаттармен өтеді деп ойлаймын», — деді Тоқаев.

 

Ал Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Тоқаевтың сөзін құптай қоймады. Абаев керісінше Назарбаевтың сайлауға қайта түсуін жақсыға жорыды:

— Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, 2020 жылға дейін әлі біраз уақыт бар. Шешімді Мемлекет басшысының өзі қабылдайды. Біз бұған 2020 жылы сол кездегі жағдаймен  қарауымыз керек. Көп жыл президент қызметін атқарған адам, сонымен қатар Елбасының саясат пен экономикадағы, халықаралық істердегі зор тәжірибесі мен халықаралық беделін ескере келе, Қазақстан Елбасының 2020 жылғы президент сайлауына қатысқанынан тек ұтады деп санаймын, — деді Дәурен Абаев.

Қайрат Әбдірахманов

Ⓒqamshy.kz

Сенат спикерінің пікіріне қатысты еліміздің сыртқы істер министрі де үнсіз қалмады. Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, сұхбат аса күрделі болғанымен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның да, Елбасының да саяси біліктілігін көрсете алған:

— Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның даму жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін айқан көрсеткен. Елбасы құрып кеткен саяси модель берік. Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын қостық, әлім бойынша инвестициялар мен жаңа технологияларды өзімізге тартып келеміз. Сенат спикерінің сұхбатында мұның ашық әрі жүйелі түрде қамтылған, — деген еді министр өз сөзінде

qamshy.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[:]