АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»210 әскериді өртейміз деп қорқытты»: Алматы облысында ауыл әкімі қантөгіске жол бермеген [:]

[:kz]

 

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Серік Шалов әскерилер мен ереуілге шыққандардың арасындағы қантөгіске жол бермей, ауыл тыныштығын сақтап қала алған, деп жазады Sputnik Қазақстан

Ауыл әкімі Серік Шалов бұған дейін қазақстандық әскер құрамында қызмет етіп, зейнетке полковник шенінде кеткен. Өңірдегі тәртіпсіздік кезінде Панфилов ауылдық округінің тұрғындары бұзақылардан үйлері мен мүлкін қорғау мақсатында алғашқылардың бірі болып халық жасағын құрыпты. 5 қаңтар күні Алматы-Жаркент тасжолында оңтүстік астанаға қарай бет алған ішінде 210 әскери қызметкер бар алты «КамАЗ» көлігін ашуға мінген қарулы ереуілшілер өткізбей, алдын бөгеп тастаған кезде халық жасағы мен әкім бірлесе әрекет ету арқылы қантөгіске жол бермеген. «Маған әскерилер тасжолды жауып алып, адамдарды қалаға жібермей жатыр деген ақпарат жетті. Мен бұл ақпаратқа сенбей, өзім тексеріп келуге шештім. Барсам, керісінше, ашуға мінген бір топ адам әскерилері бар автокөліктерді қалаға жібермей жатқанын көрдім. Олар түрлі түсініксіз ұрандарды ұстап алған, ал тасжолда нөмірсіз автокөліктер толып тұрды», — деп есіне алады Панфилов ауылдық округінің басшысы. Оның айтуынша, бұл топ алты әскери «КамАЗ»-дың біреуінің әйнегін сындырып үлгерген. 

«Бұл адамдар әскерилерді шығарып алып, шешіндіріп, әскери қару-жарағын тартып алуды талап етті. Кейбірінің қолында ішінде қоспасы бар бөтелкелер болды. Екіншілері көліктерге жанармай құя бастады. Мен олардың біріне: «Айналайын, мұсылмансың ғой. Не істеп тұрсың? Сарбаздарды өртеп, күнә арқалағың келе ме?», — дедім. Ол: «Сен кімсің?», — деп ақырды. Сасып қалып: «Әкіммін» — дедім. Менің жауабымды естіп: «Әкім? Сен мұнда не жоғалттың?» деп айқайлады. Оның бұл айқайы қалғандарының назарын аударды, сол сәтте мен кері шегінер жол жоқ екенін түсіндім. Осыдан кейін мен оларды сабырға шақырып, әскерилер мінген көлікті тиісті жеріне жіберуге көндірдім», — деді Серік Шалов. Кейін белгілі болғандай, бұл адамдар жүк көлігінің бірінің дөңгелегін жарып, қалғандарын өртеп жібермек болған. Тіпті оның артынан біреу келіп, пышақ сұғып алмақ болған екен. Алайда ол өзінің халық әкімі деген беделінің арқасында аман қалғанын айтады. «Бір кезде біреулер: «Бұл жақсы адам. Бұрынғы әскери. Ол халық әкімі. Тиіспеңдер» деп айқайлай бастады. Бұлардың ішінде мені танитындар бар болып шықты. Мен оларға өздерінің де балалары мен інілері бар екенін, олар да әскери борышын өтеп жүрген қарапайым халық екенін айттым. Мен бұл әскерилердің Жаркентке қайта қайтып келетініне өзім кепіл болатынымды айттым», — деп баяндады Шалов. Нәтижесінде, әкім әскерилердің командирімен тілдесіп, оларды кері қайтаруға көндірген. Сондай-ақ, ол әскерилерден халыққа оқ атпауды өтінген. «Бұл көліктерде әлі соғыс көрмеген 200-ге жуық жап-жас сарбаздар болды. Ереуілшілер алдындағы да, әскерилер алдындағы дә уәдемді орындадым. Әскерилерді шығарып салып, адамдардың тарауына мүмкіндік бердім», — деп әңгімеледі бұрынғы әскери қызметкер.

 

 

[:]