АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]23 жасында 11 баланы тәрбиелеп отырған келіншек туралы білесіз бе [:]

[:kz]

 

23 жастағы ресейлік Кристина Юзтюрк күйеуімен бірге 11 баланы тәрбиелеп отыр. Дегенмен ол соның біреуін ғана өзі босанған деп жазады Рамблер. Кристина болашақ күйеуі Галиппен Батумиде демалып жүргенде танысқан.

56 жастағы түркиялық қонақ үй желілеріне иелік ететін кәсіпкер. Алты жыл бұрын Кристина қыз баланы өмірге әкелген. Ерлі-зайыптының қалған 10 баласы емханада мұқият таңдалған суррогат аналардан дүниеге келген. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кристина Озтюрк (@batumi_mama)

Басылымның жазуынша, олар әрбір суррогат ана үшін 8000 еуро (шамамен 4 млн теңге) жұмсаған. Дегенмен отбасы 11 баламен тоқтамақ ниетте емес. «Біз қаржы мәселесін қарастырып қойғанбыз, сол себепті бұған алаңдамаңыздар», — дейді Кристина Озтюрк. Кристинаның бірнеше бала күтушісі бар. Ол қызметшілері үшін арнайы ережелер бекітіп қойған. Сонымен бірге Кристинаның өзі де бала тәрбиесімен айналысады. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кристина Озтюрк (@batumi_mama)

«Шынымды айтсам, кейде шаршағаннан жылап аламын, өйткені менің мойныма үлкен жауапкершілік жүктелген. Үйдегі қызметкерлер санының көптігіне қарамастан, барлық басқару мен бақылау менің мойнымда.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кристина Озтюрк (@batumi_mama)

Мен тек нұсқаулық беріп, өзіммен айналысып отыра алмаймын, үнемі балалармен біргемін, ас үйде, тіпті күйеуіме кейбір істерде көмектесемін», — дейді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін бірден бес балалы болған ерлі-зайыптылар туралы жазған едік. Адам мен Даниэль бірден көпбалалы ата-ана атанатынын мүлде күтпеген.

 

kaz.nur.kz

 

[:]