[:kz]
Бірнеше күн бұрын ұзатылған Айсәуле Бақытбектің тойына киген көйлегі әлі де ел талқысында. Көпшілік танымал продюсер қызының көйлегіне үлкен қызығушылық білдіріп, оның талғамына жоғары баға беріп отыр. Дүйім жұртты тамсандырған көйлекті тіккен кім және ол қанша тұратынын KAZ.NUR.KZ анықтап көрді.
Айсәуле Бақытбектің көйлегі той қонақтарын ғана емес, желі оқырмандарын да тәнті етті.
Анықталғандай, оны танымал продюсердің қызы үшін арнайы отандық Arunaz Atelier cән үйі тіккен. Көйлектің пішіні мен моделін қалыңдықтың өзі ойластырған.
Бойжеткен арман еткен көйлек сәтті шығуы үшін сегіз тігінші бір ай бойы жатпай-тұрмай еңбек еткен.
Сән үйі берген мәлімет бойынша, Айсәуленің көйлегі табиғи гауһартастармен көмкерілген. Мұндай ерекше көйлектің құны 250 мың доллар екен. Теңгеге аударғанда оның құны 94 миллионнан асады.
Ал Айсәуленің көйлегіне тамсанған желі қолданушылары оң пікірлерін жаудырып жатыр.
«Тамаша көйлегі. Маған қатты ұнап қалды» , «Қарапайым, өзіне жарасымды. Жақсы таңдау жасапты» , «Қандай көйлек, нағыз ханшайым сияқты» , «Мына әсем көйлек оны қуыршақ етіп көрсетіп тұрғандай» , «Ғажайып көйлек, менде осындай алғым келеді» , — деп жазуда көпшілік.
[:]