АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]30 жасқа толған Қайрат Нұртасқа екі інісі қымбат көлікті сыйға тартты (видео)[:]

[:kz]

25 ақпан  30 жасқа толған Қайрат Нұртасқа екі інісі қымбат көлік сыйға тартты. Бұл туралы отандық әншінің жанұясы хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Онда Қайраттың әкесі, анасы мен келіншегі, сондай-ақ, Аян есімді інісі бой көрсетіпті.

«Ассалаумғалейкум, құрметті ағайын. Мынау біздің ұлымыздың туған күні құтты болсын дегіміз келеді. Ал енді артынан ерген екі інісі, Аян мен Астанадан келе алмай қалған Заңғар екеуіні ағасына бүгін мынадай темір тұлпар сыйлап жатыр. Рахмет, құтты болсын», -дейді видеода Нұртас Айдарбеков.

Артынша сөз алған Аян Нұртас та ағасын туған күнімен құттықтаса, Гүлзира Айдарбекова ұлдарына ұзақ ғұмыр тілеген.

«Өмірлері ұзақ болсын, жақсылық тілейміз. Осындай бауырмал болып өтсін», -деді ол.

Видео соңында Қайраттың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова інісі мен жанұясына рахмет айтты.

 

[:]