[:kz]
Қазақстанда 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өтіп, «Start» батырмасын басу қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
- Өзінің ЖСН енгізу;
- Электронды пошта адресін енгізу;
- Телефон нөмірін енгізу;
- Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
- Өтінішті растау;
- Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
- сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
- сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
- сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қызметкер үшін:
- «Қызметкер» батырмасын басу;
- Өзінің ЖСН енгізу;
- Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
- Электронды пошта адресін енгізу;
- Телефон нөмірін енгізу;
- Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
- Өтінішті растау;
- Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
- сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
- сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
- сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
[:]