[:kz]
Баян Алагөзова Жаңа жыл қарсаңында демалысқа аттанды. Продюсер жұбайымен бірге Дубайда саяхаттап жүр. Күні кеше ол жағажайда шпагатқа отырған суретін жариялап, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көпшілік 47 жастағы продюсердің икемділігіне таңғалып, оны ресейлік балеринамен салыстырды.
«Волочкова сияқты», «Біз жас болсақ та, бұл сияқты тұра алмайын деп тұрмыз», «Көпшілікке мотивация», «Күшті», «Жарайсыз», «Волочкова есіме түсті», «Ғажап», — деп тамсанды инста-оқырмандар.
Айта кетейік, жуырда продюсердің «Қазақ аруы» жобасы болып өтті. Онда 22 жастағы ақтөбелік тележүргізуші бас жүлдені иеленді.
[:]