АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі сотқа жіберілді[:]

[:kz]

Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың ісі сотқа жолданды.

 «Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ ықшамауданында 5 адамды атып тастаған Игорь Дужновтың ісі қоғамда резонанс тудырған болатын.

20 қыркүйек күні кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов өзінің отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі және оның өкілі қаза тапты.

Игорь Дужнов ұсталып, «Адам өлтіру» және «Құқық қорғау органдары қызметкерінің жеке өміріне қол сұғу» бабы бойынша қылмыстық істі тергеу басталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктінің отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Бұрынғы қожайын сот шешімімен келіспей, көшкісі келмеген. Сот жаңа иесінің жағына шықты.

Бұған дейін Дужнов адамдардың қазасына өкінетінін мәлімдеді. Ол «заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушының заңсыз әрекеттері» осындай күйге жеткізгенін атап өтті.

Оның әйелі Анаид Демирчян да мәлімдеме жасады. Ол мүліктің тиын-тебенге сатылып кеткенін айтты. Ол да сот орындаушысының әрекетіне шағымданды.

nege.kz

[:]