АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]500 теңге төлеп, үстіне бояу жаққан: Қарағандыда психикалық науқасқа бояу жаққан екі адам ұсталды[:]

[:kz]

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері есі ауысқан ер адамды қара бояумен бояған екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының 24 жастағы екі тұрғынының психикалық науқастың үстіне бояу жаққанын анықтады. Олардың айтуларынша, ер адамды видеодан таниды екен. Оған үнемі ақша, киім-кешекпен көмектесіп тұратын. Сол күні ер адам олардан бояу сұраған. Сондықтан бояуды оған бергендерін айтады. Біраз уақыттан кейін ер адам бояуды өзіне өзі жаққанын айтып оларға қайтып келген. 

 

Айта кетейік, 2 шілде күні әлеуметтік желілер мониторингі барысында тәртіп сақшылары Instagram-да бейне материалдарды анықтады, онда жүргізушілердің бірі басынан аяғына дейін қара бояумен боялған жігіттің видео жарияланды. Бұл видео қоғамдық резонанс тудырған. Желі қолданушылары психикалық науқас адамды қорлауға наразылық тудырды. Сол күні сағат 01:00-де Қарағанды қаласы ІІБ жедел басқару орталығынан Киров полиция бөлімінің кезекші бөліміне Попов көшесінде жалаңаш, жалаңаяқ ер адам жолдың бойына шығуға тырысып жүргені жайлы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келгеннен кейін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері фактті растаған. 22 жастағы қала тұрғыны денесі боялған болып шықты. Жігіттің айтуы бойынша, оған 500 теңге төлеп, оны үстіне бояу жаққан. Ол өзін есі дұрыс адамдай ұстамаған.

 Деректер базасын тексеру кезінде жігіт облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды. Содан кейін оқиға орнына дәрігерлер шақырылып, ер адам ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Материал ҚР ҚК-нің «Бір топ адам жасаған бұзақылық» бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр.

 

 

 

[:]