[:kz]53 жастағы Гүлзира Айдарбекова жастармен бірге TikTok түсіріп, сынға қалды[:]

[:kz]

 

Гүлзира Айдарбекова заман ағымынан қалыспайын деп жастармен бірге TikTok түсіре бастады. Әлеуметтік желіде 53 жастағы продюсердің екі келіншекпен бірге би билеуге тырысқан видеосы тарап кетті, деп жазады Stan.kz тілшісі. 

Айдарбекованың TikTok видеосы Instagram пабликтерде тарады. Онда Қайрат Нұртастың анасы заманауи ырғақты музыкаға билеген. Көпшілік продюсердің бұл әрекеті өзіне жараспай тұрғанын айтып, сынға алды

 


«Бұл енді дұрыс емес. Қайраттың анасына ұят екен», «Түк жараспайды», «Ерсі көрінеді», «Гүлзира ханым, өз абыройыңыз мықты ғой, мұны не істейсіз», — деп сынады желі қолданушылары. 

 

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚАЗАҚСТАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ (@kaz.stars)

[:]