АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]54 жасында жиырмадағы бойжеткен секілді көрінетін ару сұлулығының сырын ашты [:]

[:kz]

Биыл 54 жасқа толатын жапониялық Масако Мизутани өз қатарластарынан әйлдеқайда жас көрінеді. Жасы елуден асса да, бойжеткен қалпында қалған Масако сұлулығының сыры неде? KAZ.NUR.KZ тілшісі бұрынғы жапон моделінің өмірбаянына көз жүгіртті. Масако Мизутани 1968 жылдың 15 қыркүйегінде дүниеге келген.

Ол модельдік бизнесте жұмыс істейді. Өз сұлулығының сырымен бөлісіп отыратын ару халық арасында кеңінен танылған. Бүгінде Масако екі қыз тәрбиелеп отыр. Масаконы жапонялық телеарналардан жиі кездестіруге болады. Ол түрлі бағдарламаға қонақ ретінде қатысады және өз елінде өте танымал. Өйткені жапондықтар Мизутани секілді елуден асқан соң да сұлу болуды көздейді. 

Масаконың айтуынша, ол 21 жасында модельдік қызметке кірісіп, өзінің бет терісіне күтім жасай бастайды. Сол кезден бастап өз сымбатына ерекше мән берген.

Масако кез келген әйелдің өзі сияқты сұлу қалпын сақтай алатынына сенімді. Өйткені бүгінде теріні күту тәсілдері барлық адамға қолжетімді. Масако Мизутани.

Фото: instagram/mizutanimasako

Масако өз сымбатын сақтау жолында дұрыс тамақтануға көп көңіл бөледі. Күнделікті тамақтану мәзірінде жасұнық, жеміс-жидек пен көкөністер болуға тиіс. Сондай-ақ терінің балғындығын сақтау үшін майлы қышқылдарды тұтынған жөн. Атап айтар болсақ, жаңғақ түрлерін, зәйтүн майы, балық майы және авокадоны тұтынған дұрыс.

 

Масако Мизутани. Фото: instagram/mizutanimasako Мизутани ағзадағы зат алмасу процесі дұрыс жүру үшін күн сайын өте көп мөлшерде су ішеді. Су шаштың әдемілігін арттырып, бет және мойындағы қара дақтармен, сонымен қатар денедегі майлармен күреседі. Масако өзінің жас көрінуінің тағы бір себебін күн режимін дұрыс ұстануымен байланыстырады. Күн сайын физикалық жаттығулар мен өзіңе күтім жасау үшін арнайы уақыт бөлген дұрыс.

Жапондық келіншек сұлулықты сақтап, жас көріне білу үшін өз кеңестерін ұсынды: Шылым мен алкогольден бас тарту; Спортпен айналысу; Тәулігіне 8 сағат ұйықтау; 

 

 Айтпақшы, Масако көзінің айналасындағы әжімдерден құтылу үшін бетіне арнайы маска жағып жатады. Ол кешкі 21:00-де ұйқыға кетіп, таңғы бесте оянады.

kaz.nur.kz

 

[:]