[:kz]
Қазақ жігіті беташарда қомақты қаражат тастады. Қайын жұрты сәлем салған келінге 55 миллион теңге берді. Бұл сәт желіде қызу талқыға түсті.
Бұл туралы той асабасы, әзілкеш, актер Наурыз Рсымов айтты. Әзілкеш өзі көрген той жайлы желіде жазды.
“Мынау беташарда бір жігіт 1 500 000 теңге тастады? Сіздерде сондай болды ма? Әлде мен алға шығып кеттім бе? Беташар табағын алуға келісе салмаппын ғой”, – деді Наурыз Рсымов.
Айтуынша, беташар табағына барлығы 55 миллион теңге жиналған. Ал бір жігіт 1 миллион, енді бірі 1,5 миллион теңге тастады.
Желі қолданушылар мұны ысырап деп бағалады.
“Бар болса бере берсін, біреудің ақшасын қызғанып қайтеміз”, “Бұны ысырап, даңғазалық деп атайды”, “Адамдар қайда бара жатыр? Тоқтам керек”, “Беташарды да жарыс деп қарайтын болды ғой”, “Ақымақтық”, “Одан да мұқтаж адамдарға бермей ме?”, “Қанша адам осы ақшаға зәру, ауырып жатыр, үй-күйсіз жүр, соларға бергені жақсы еді”, “Әркім өз ақшасы, өзі білсін”, – деп жазды олар.
[:]