АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]7 жасар бала сүйікті әншісінің бейнебаянындағы оқиғаны қайталаймын деп көз жұмды[:]

[:kz]

Дәрігерлер бірнеше күн бойы 7 жасар баланың өмірі үшін күресті. Доминикан Республикасында Франклин Мизес есімді баланың денесі күйіп, көз жұмды. 

Бала әпкелерімен бірге Санто-Доминго қаласында рэпер Bad Bunny-дің бейнебаянындағы оқиғаны қайталамақ болады. Соның салдарынан ауруханаға түсіп, есін жия алмай мерт болды.

Франклинді ІІ, ІІІ дәрежелі күйік шалған. Екі апта емделгенімен есін жимады.

Ересектердің қарауынсыз қалған балалар жанармай құйылған канистраны көшеге алып шығып жаққан. Бейнебаянда дәл осындай көрініс бар. 

Баланың әкесі электромеханик болып жұмыс істейді. Үйінде отқа жануға бейім заттарды сақтайды, Алайда баланың өлімін музыкантты кінәлап отыр. Оны жастарға жаман үлгі көрсетті деп айыптады.
stan.kz

[:]