[:kz]
«Алматы Арена» және «Халық Арена» спорт сарайлары мемлекеттік-жекешілік әріптестік шарттық үлгісі бойынша жеке кәсіпкердің қолына өтті.
Қос спорттық көпқызметті кешендер Алматы қаласы спорт басқармасы жарияланған байқау арқылы беріліп отыр. Яғни 2024 жылға дейін жеке тұлғаны басқаруында болмақ.
«Мемлекеттік-жекешілік әріптестік шарт бойынша екі спорт сарайы жалға берілді. Бұл ол нысандарды тиімді пайдалануға көмектеседі. Экономикалық жағын есептедік. Бюджет қаржысын үнемдейтін боламыз. Нысандарда спорттық жарыс өткізу үшін және спорт мектептеріне залдар тегін беріледі», — дейді Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем БАЙСЕЙІТОВ.
«Алматы Арена» мен «Халық Арена» Алматыда 2017 жылы өткен қысқы Универсиадаға орай салынған еді. «Алматы-Арена» 2016 жылы 18 қыркүйек күні экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен ашылған болатын. «Алматы Аренаның» құрлысына 38,5 млрд кетсе, «Халық Аренаны» салу үшін 23,4 млрд теңге кетті.
Бұған дейін БАҚ-ры Алматы билігінен бұл қос көпқызметтік спорттық кешендердің бюджетке қанша қаражат алып келетінін біле алмаған. Әкімдіктегілер «бұл комерциялық құпия» деп журналисттік сауалға нақты жауап қайырмаған. Коммуналды қызмет және басқа да қызмет түрлері үшін кететін шығынның да мөлшері белгісіз.
Фотолар: ssz.kz және kazbaur.kz
[:]