АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]8-қабаттан қызды құтқарып қалған ер адамға блогер үй алып бермек[:]

[:kz]

 

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев 4 баланың әкесі. Қызылордада 14 жылдан бері пәтер жалдап тұрады.

«Сәбиттің туған жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. Қазір бала-шағасы, әйелі Қызылордада 14 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Өз үйлері жоқ. Бұйырса біз үй алып береміз», — деді блогер.

Қазір блогер @batyr_bloger өз оқырмандарымен Сәбиттің 450 мың теңге қарызын жауып беруге ақша жинап жатыр.

[:]