[:kz]
8 наурызда өткен әйелдер шеруінде басына парик, бұтына белдемше киген ер азаматтың әрекеті көпке жақпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, белсенділер ұйымдастырған шеруге әйелдерден бөлек, ер азаматтар да қатысқан. Олардың арасында біреуі іс-шараға қыздардың киімі мен парик киіп келген. Мұны байқаған шерудің өзге де ер қатысушылары ерсі киініп келген алматылыққа қысым көрсете жөнеледі.
</
Посмотреть эту публикацию в Instagram
p>
«Бұл — нағыз араңдатушы», — дейді тұрғынның бұл түріне ашуы келген шеруші.
Stan.kz тілшісінің мәліметінше, шу шығарғандарды полицейлей ұстап алып кеткен.
Еске салайық, бұған дейін де Алматыда өткен митингте ер азамат трансгендер болып киінемін деп таяқ жеген болатын.
[:]