[:kz]
Қалдыбек Құрманәлі өнер иелері туралы шындықты айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі «Қамшы сұхбат» бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі композитор өнер адамдарының жеке өмірі туралы айтты. Ол сахнада жүрген қыз-келіншектердің көбін жезөкше деп айыптаған. Егер оларға бір нәрсе деп айтатын болсаң, өзіңді мазақ қылады деп ашынды композитор.
«Қалдыбек төменгі дәрежедегі адам екен ғой дейді. Өйткені 90% сондай жезөкшелер ғой. 50 де 50 болса, сені тыңдайды, Қалдыбек дұрыс айтып жатыр дейді. 90% болғанна кейін ойлай беріңіз, бәрі күліп сені мазақ қылып отырады «Ешкім саған көнбей қойған, сол үшін жынданып отырсың, ешқандай әнші сенімен жатпай қойған ғой» дейді», — дейді Қалдыбек Құрманәлі.
Тіпті Қалдыбек Құрманәлі бұл тақырыпта Роза Рымбаева екеуінің арасында болған әңгіме туралы айтып берген. Өнердегі жеңіл жүрісті адамдардың көп екенін көзбен көріп таңқалғанын жасырмады ол. Олардың ар соты бар дейді композитор.
«Шай ішіп отырып, әншілердің көбісі осындай деп айттым. Роза Рымбаева «Қалдыбек сенің нең бар, неменеге айтып отырсың? Ол саған бермей қойды ма? Дене өзінікі ғой. Оның әншілігін, сахнада өзін ұстауын айт. Ол үшін ар соты бар» деді. Содан кейін айтпайтын болдым. Сөйтсем олар көп екен. Солардың жолы болып жатыр қазір», — деп ашынды Қалдыбек Құрманәлі.
[:]