«Константынув-Лодзинский қаласында Польша президенті Бронислав Коморовский отырған трамвай абайсызда рельстен шығып кетіп, істен шықты, — деп хабарлады жексенбіде польшалық Gazera Wyborcza.
Ретро-трамвай баяу жылдамдықпен келе жатқан, сондықтан да ешкім зардап шеккен жоқ.
Ал Бронислав Коморовскийге болса, трамвайдағы сапарын аяқтап, президенттік лимузинге отыруға тура келді.
ҚазАқпарат