АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз»

images2015 жылдың 20 сәуірі сағ: 10.30-да (Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40, Достық Үйі) Қазақстан халқы Ассамблеясы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлесе отырып, «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты тақырыпта анимациялық фильмдер циклының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізеді.
Тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті – бас редакторы Д. Амантай, жазушы, кинодраматург Е. Төлеутай, «Қазақфильм» АҚ анимациялық фильмдер бірлестігінің басшысы Ж. Дәненов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА Алматы қ. Хатшылығы, БАҚ, Алматы қ. тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Анимациялық фильмдер Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму Тұжырымдамасының аясында дайындалды. Фильмдер – орыс, татар, өзбек, ұйғыр, корей, түрік, неміс, украин халықтары ертегілерінің желісімен түсірілген. Балаларға арналған анимациялық фильмдер алдағы уақытта отандық телеарналардан көрсетілетін болады. Авторлардың айтуынша, шығармалар өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамытып, патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Баспасөз конференциясынан кейін сағат 12.00-де «Цезарь» кинотеатрында (Алматы қ., Фурманова к-сі, 50) балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты циклға енген анимациялық фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады.

«Қоғамдық Келісім» РММ баспасөз қызметі:
тел. 74-12-15, 74-12-13, +77077051211, E-mail: info_rgy@mail.ru

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі:
тел. 313-11-32,+ 77772450092, E-mail: press@kazakhfilmstudios.kz

__________________

«Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты
анимациялық фильмдер циклының тұсаукесерінің
БАҒДАРЛАМАСЫ

Өткізілетін күні және уақыты: 2015 ж., 20 сәуір, сағат 10.30
Өткізілетін орны: Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40, Достық үйі

Тұсаукесерге қатысушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА Алматы қ. Хатшылығы, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, анимациялық фильмдердің авторлары, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері.
Модератор: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті – бас редакторы Дидар Амантай

10.00-10.30 Қатысушыларды тіркеу

10.30-10.40
Тұсаукесердің ашылуы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті – бас редакторы Дидар Амантай

10.40-10.50
Ниязова Нурия Исмагиловна – «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы

10.50-11.10
«Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» анимациялық фильмдерінің авторларының алғы сөзі
Жәкен Дәненов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ анимациялық фильмдер бірлестігінің басшысы
Ерлан Төлеутай – жазушы, кинодраматург, сценарий авторы

12.00-13.00
Алматы қ. балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Қазақстан-біздің ортақ шаңырағымыз» анимациялық фильмдердің көрсетілімі

«Цезарь» кинотеатры (Алматы қ., Фурманова, 50)