Таяуда Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Армения президенттері Қырғызстанды Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосу туралы құжаттарға қол қойды деп хабарлайды ТАСС. Еуруазиялық экономикалық одақ лидерлері Қырғызстанның Шартқа қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгетулер енгізу туралы хаттамаға және ЕАЭО құқығына кіретін жеке халықаралық шарттарға қол қойды.
Сонымен қатар лидерлер Қырғыстанның шартты қолдануы жөніндегі өтпелі ережелер мен шарттар және Қырғыз Республикасын 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа қосу туралы Шартқа Армения Республикасын қосу туралы хаттамаларды бекітті. Сондай-ақ, ЕАЭО және Вьетнам арасында еркін сауда келісімі туралы және Қытаймен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешімдер де мақұлданды.
Бұған қоса, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің 2015-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарына қатысты шешімдер мен ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы және 2016-2025 жылдарға арналған ЕАЭО елдері аумағында орналасқан бекеттер арасында жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың орындалуын біртіндеп әртараптандыру бағдарламаларына қол қойды. Сонымен қатар Жоғарғы кеңестің кезекті отырысын өткізудің уақыты мен орны туралы өкім қабылданып, аталмыш жиын қазан айында Астанада өтетін болып нақтыланды.
Еркежан Жұматаева
http://turkystan.kz/