Қазақстан мен Сауд Арабиясы жобаларды қаржыландыру үшін ислам банкін немесе қорды құру туралы келісіп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада екі ел өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Жобаларды қаржыландыру бағытында ислам банкін немесе қорын құру бойынша Сауд Арабиясы бизнесмендерімен жұмыс істейміз деген келісімді министр мырзамен (Сауд Арабиясының сауда және индустрия министрі Тауфик әл-Рабия) уағдаластық. Бүгінде бізде Ислам даму банкі секілді үлкен серіктесіміз бар. Ол сауда операциялары мен инвестициялық жобаларды қаржыландыруда»,-деді Ә. Исекешев.
Министр өз сөзінде екі елдің ынтымақтастығы әзірге тиісті деңгейде емес екендігін атап өтті. «Алайда біз жақын арада бұл үрдісті өзгертіп, жақсы экономикалық бағдарламаны әзірлей алатындығымызға сенімдіміз»,-деді ол.
Форум барысында Ә. Исекешев Сауд Арабиясы бизнесмендеріне қаратып айтқан сөзінде Қазақстанның экономикалық тартымды ел ретінде танылғанын және Орталық Азия өңірінде экономикалық реформалар бойынша көшбасшы атанғанын айтты. Осы орайда ол еліміз 200 млрд. доллардан астам шетелдік инвестиция тартқандығын жеткізді.
Сөз соңында министр екі елдің бизнесмендерін белсенді ынтымақтастық байланыстарын орнатуға шақырды
http://zhebe.com/