БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған қайырымдылық базарына барды.
Шарада 100-ден аса мемлекет өкілдігі қол өнер бұйымдары мен кәдесый, ұлттық тағамдарын ел назарына ұсынды. Қазақстандық экспозиция бұл жолы да ең тартымды, көп адам тамашалаған ортаға айналды.
БҰҰ Бас хатшысы зайыбымен қазақстандық жарқын «мекенде» біраз аялдады. Мәртебелі мейман отандастарымыздың тамаша қолөнер бұйымдары мен жүннен тоқылған, керамикадан жасалған туындыларға ерекше назар аударды.
БҰҰ жанындағы Қазақстан миссиясымен біраз әңгіме құрған Пан Ги Мун Астанаға сапары алдында еліміздің мәдениетімен, өнерімен жете танысқысы келетінін айтып, бірнеше кәдесый, бауырсақ, самса, чак-чак сатып алды.
ҚазАқпарат