АЛТЫНОРДА
Казахи за рубежом

«Қытай дауысы» жобасында қазақ жігіті қазылар алқасын таңғалдырды

2d8afd2d96c9f3f9980a6260a30c15c5ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласының 35 жастағы тұрғыны Берік Ықлас The Voice China («Қытай дауысы») жобасының қазылар алқасын таңғалдырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрмей тыңдау кезеңінде ол испандардың ырғақты Señorita композициясын орындады, оған тек қазылар алқасы ғана емес, көрермендер де риза болды. Төрт сарапшының үшеуі Берікке бұрылды, ол танымал әнші әрі композитор Ванг Фенганы (Wang Feng) таңдады. Енді екінші кезеңде жетекшілер өз тобындағыларды жұптастырады. Әншілер өзара бақ сынайды.

4cb0a71eb2bf8c2b416dc061c7b5abc0Сұхбат кезінде Берік 15 жасынан бері сахнаны жаулауды армандайтынын, кішкентай кезінен бері вокалмен айналысатынын айтты. Беріктің ұлы мен қызы бар. Олар аналарымен бірге әкелерінің жанкүйері.

Еске сала кетейік, 2013 жылы да осы жобаға Тасқын есімді қазақ жігіті қатысқан болатын. Бірінші кезеңде ол Қытайдағы танымал әндердің бірін орындады, дегенмен қазылардың ешқайсысы оған өз дауысын берген жоқ. Бұдан кейін ол қазақ тілінде «Дударай» әнін шырқады. Қазылар алқасы көздеріне жас алып, Тасқынға екінші мүмкіндік берді.

 

http://kaz.tengrinews.kz