АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Үй телефонын ұстау қымбат саналатын болды

images (2)Қазір жұрттың көбі стационар телефон қызметінен бас тартып, ұялы телефонға көшіп жатыр. Олар мұны ұялы байланыс ақысының екі есе арзан тұратынымен түсіндіреді.

Парламент депутаты Светлана Романовская Азаттық тілшісіне Астанадағы қызметтік пәтерінде стационар телефон жоқ екенін айтады.

Парламент депутаты Светлана Романовская.
Депутаттың айтуынша, стационар телефон қызметі қымбат болғандықтан, ол ұялы байланысты пайдаланады.

kaz_316_pics_kaz_316_04-3_jpg_445x265_crop-True_q75— Стационар телефонның ай сайынғы абоненттік төлемі – 1 мың 200 теңге. Ішінде интернет пен телевидениесі бар қызметтер пакетін бес мың теңгеге ұсынады. Бәрін қосқанда 6 мың 200 теңге шығады, оның өзінде үйде бір нүктеден артық қоса алмайсың. Ал ұялы телефонға ай сайын төрт мың 900 теңге саламын да интернетті тегін пайдаланып, халықаралық байланыс арқылы телефон соға беремін. Артық төлеп қайтемін? – дейді Светлана Романовская.

Алматы тұрғыны Айгерім Өмішева да үй телефонын пайдаланбайды.

— Таңнан кешке дейін жұмыстамын, стационар телефонды мүлде пайдаланбаймын. Шынымды айтсам, үйде ұялы телефонымды жоғалтып алсам, оны үй телефонының көмегімен іздеп тауып аламын, — дейді Айгерім Өмішева Азаттыққа.

Айгерім Өмішева көп ұзамай үй телефоны қызметінен бас тартатынын айтады.

Патриоттар партиясы төрағасы және Қазақстан ұлттық палатасы өкілі Ғани Қасымовтың пікірі де осыған саяды.

— Стационар телефонды пайдаланбағаныма 10 жыл болып қалды. Жұрт ұялы телефоныма хабарласады, өзім де үнемі ұялы телефон арқылы сөйлесемін, — дейді Ғани Қасымов.

Патриоттар партиясы төрағасы және Қазақстан ұлттық палатасы өкілі Ғани Қасымов.
2012 жылы негізгі бір телефонның айлық абоненттік төлемі уақыттық төлем жүйесіне көшіріліп, 597 теңгеден 716 теңгеге дейін қымбаттаған. Былтырдан бері абоненттік төлем ақысы 1 мың 200 теңге болды.

Жуырда «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев баспасөз өкілдеріне әр тоқсан сайын 10 мыңға жуық қазақстандық абонент, яғни абоненттердің жалпы санының екі пайызы стационар телефоннан бас тартатынын мәлімдеген.

«Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасының айтуынша, қазір компания мұны тоқтатуға тырысып, жұртқа телевидение, интернет және тіркеулі телефон сияқты үш қызметтен тұратын пакетті ұсынып отыр.

Бірақ ұялы байланыс дамыған 16 жылда оны пайдаланушылар саны ұдайы өсіп келеді.

Көрнекі сурет.
— Қазір Қазақстанда ұялы телефон байланысы абоненттерінің саны 22 миллион адамнан асады. Ал стационар телефонды пайдаланушылар саны төрт миллионға жетпейді. Қазір барлық операторлар, оның ішінде Kcell компаниясы «Алло, Қазақстан» тарифы бойынша 1290-1990 минут ұсынады. Бұл қызмет түрін қосып, барлық операторларға, оның ішінде стационар телефонға қоңырау соғуға әрі ұялы интернетті де пайдалануға болады,- дейдіKcell компаниясының корпоративтік коммуникациялар бөлімі бастығы Наталья Еськова Азаттық тілшісіне.

Бөлім бастығының айтуынша, ұялы телефонынан Қазақстанның желі тарайтын кез келген нүктесіне хабарласа алатын болғандықтан, қазір абонентке шын мәнінде үй телефонының қажеті жоқ. Оның айтуынша, қазақстандықтардың ұялы байланыс түрін таңдауының тағы бір себебі — ұялы байланыс желісі Қазақстанның бүкіл территориясында тараған.

Алма КЕНЖЕБЕКОВА

http://www.azattyq.org/