Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов Сайрам ауданындағы бірқаратар кәсіпорындарды аралау барысында Манкент ауыл округіндегі «ЕтАгроМанкент» селолық тұтыну кооперативінде де болды. Мұндағы ірі қара малдың басы 6500-ді құрайды. Өткен жылы СТК-да 4500 тонна ет өндірілген. Ұжымның өнімдері Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларына тасымалданады. Сондай-ақ, облыс әкімі Қарасу ауылындағы сүт өнімдері мен биокефир шығаратын «Сайрамсүт» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Өндіріс орнында күніне 20 тонна сүт өңделсе, осы жылдың 6 айында мың тонна сүт өнімдері өндірілген. Өткен жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа цех ашылып, өнім ассортименті 30-ға жеткен. Өндірісте Ресей Федерациясының технологиялық құрал-жабдықтары қолданылуда. «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алған бұл кәсіпорын 60 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл компанияның өнімдері танымал брендтердің тауарларынан сапасы жоғары болғанына қарамастан 20 пайызға арзан. Сайрам ауданының шаруа қожалықтары 120 мың тоннадан астам сүт шығаруда. Оның 5-7 пайызы қаймақ және балмұздақ өндіруге жұмсалады. Отандық өнім шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысқан аймақ басшысы мұндағы тірлікке көңілі толатындығын айтты.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі