Кеше, 24 қыркүйекте облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Қуатбековтер әулетінің шаңырағында болып, айттық дастарханнан дәм татты. Өмірі өнегеге толы жандармен тілдескен өңір басшысы Ә.Қуатбеков жайған дастархан басында ол негізін қалаған оқу орнының студенттерге терең білім мен саналы тәрбие беруде өз қолтаңбасы бар екенін айтты. Еске салайық, Қазақстан халықтар достығы университетінің негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Қуатбековтің шаңырағы осы жылдың маусым айында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы — 2015» байқауында 200 отбасының ішінен барлық талаптар бойынша жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанған болатын.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі